Көмек көрсету орталығы: +7 (727) 333 40 20

Брокерлік қызметтер

Брокер – ол қор нарығының қатысушыларының арасындағы кәсіпқой делдал. Брокерлік қызмет клиенттердің тапсырысы бойынша қор нарығында мәміле өткізуден тұрады. АҚ «Еуразиялық Капитал» өзінің клиенттеріне Қазақстан қор биржасында және шетелдік қаржылық алаңдарында жұмыс істеу үшін оңтайлы жағдайларды ұсынады.

Классикалық брокерлік қызмет көрсетуге келесі әрекеттер кіреді:

  • Брокер арқылы қаржы құралдармен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында сату және сатып алу қызметтері;
  • Қаржы құралдарды сақтау қызметі: шот ашу, сақтау, есеп, құқығын растау және мәмілелерді тіркеу; 
  • Инвестициялық стратегияны және инвестициялық қоржынды қалыптастыруға байланысты сабағаттық қолдау кызметтері;
  • Әр түрлі қаржылық құралдармен мәмілелерді жүзеге асыруға байланысты ақпараттық, талдамалық және кеңес беру қызметіттері;

Брокерлік шотты Сіз тікелей АҚ «Еуразиялық Капитал» кеңсесінде немесе қашықтан аша аласыз. 

  1. Егер шотты брокерлік компанияның кеңсесінің ішінде ашқыңыз келсе, өзіңізбен жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алуға ұмытпаңыз. Егер сіз заңды тұлға болсаңыз (компания), онда келесі қажетті құжаттар тізімін қараңыз.
  2. Егер қашықтан шотты ашқыңыз келсе, онда сізге Электрондық Цифрлік Қолтаңба (ЭЦҚ) алуыңыз керек (егер болмаса). ЭЦҚ арқылы сіз: а) «Шотты онлайн ашу» қызметін қолдана аласыз немесе, б) сіздің электрондық адресіңізге жіберілген pdf форматтағы құжаттарға  (брокерлік шарт, тарифтер, шотты ашу туралы жарлық және клиент карточкасы) қол қоя аласыз.

Бірақ құжаттарды алу үшін сіз алдын ала жеке басын куәландыратын құжаттың скан – нұсқасын және толтырылған сауалнаманы (оны Сіз осы жерден жүктей аласыз – клиенттің есеп карточкасы) электрондық пошта арқылы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. адресіне жіберу керексіз.

ЭЦҚ – ны сіз кез келген ХҚкО- нан (сіздің тіркелген немесе тұрып жатқан мекен-жайыңызға байланысты емес) алуға болады, ол үшін бірінші EGOV.KZ сайтындағы сауалнаманы толтырыңыз (ЭЦҚ-мен байланысты сұрақтарыңызбен тегін телефон нөмірі 1414 арқылы байланысуға болады) 

Жеке тұлғалар үшін брокерлік қызмет және номиналды ұстаушы ретіндегі қызмет көрсету тарифтері – жүктеу

Заңды тұлғалар үшін брокерлік қызмет және номиналды ұстаушы ретіндегі қызмет көрсету тарифтері – жүктеу

Жеке тұлғалар үшін брокерлік қызмет көрсету тарифтері (НҰ-сыз) – жүктеу

Заңды тұлғалар үшін брокерлік қызмет көрсету тарифтері (НҰ-сыз) – жүктеу

Брокерлік қызмет атқару туралы шартқа байланысты, бағдарламалық өнім «STrade»-ті қолдану туралы келісім (НҰ-мен) – жүктеу

Брокерлік қызмет атқару туралы шарт – жүктеу

Брокерлік қызмет атқару туралы шарт (номиналды ұстаушы ретіндегі қызметпен) – жүктеу

Шартты растауға арналған, тұлғаның жеке басын идентификациялауға қажетті  құжаттар тізімі - жүктеу

Басқарманың хаттамасына орай бекітілген Компания тарифтері №18 29.12.2014 жылдан.

Компаниясы туралы

АҚ «Евразиялық Капитал»

Компаниясы туралы Біз, компаниялардың және жеке инвесторлардың активтерін инфляция мен девальциядан сақтауға әрі оларды (7 -30 күн) ішінде көбейтуге көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Байланыс:

 АҚ «Евразиялық Капитал»

 Алматы, Желтоқсан, 59

 Тел.: +7 (727) 333 40 20

 Факс: +7 (727) 333 40 21

 info@ecap.kz