Брокерлік шотты Сіз тікелей АҚ «Еуразиялық Капитал» кеңсесінде немесе қашықтан аша аласыз.
Егер шотты брокерлік компанияның кеңсесінің ішінде ашқыңыз келсе, өзіңізбен жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алуға ұмытпаңыз. Егер сіз заңды тұлға болсаңыз (компания), онда келесі қажетті құжаттар тізімін қараңыз.
Егер қашықтан шотты ашқыңыз келсе, онда сізге Электрондық Цифрлік Қолтаңба (ЭЦҚ) алуыңыз керек (егер болмаса). ЭЦҚ арқылы сіз: а) «Шотты онлайн ашу» қызметін қолдана аласыз немесе, б) сіздің электрондық адресіңізге жіберілген pdf форматтағы құжаттарға (брокерлік шарт, тарифтер, шотты ашу туралы жарлық және клиент карточкасы) қол қоя аласыз.
Бірақ құжаттарды алу үшін сіз алдын ала жеке басын куәландыратын құжаттың скан – нұсқасын және толтырылған сауалнаманы (оны Сіз осы жерден жүктей аласыз – клиенттің есеп карточкасы) электрондық пошта арқылы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. адресіне жіберу керексіз.
ЭЦҚ – ны сіз кез келген ХҚкО- нан (сіздің тіркелген немесе тұрып жатқан мекенөжайыңызға байланысты емес) алуға болады, ол үшін бірінші EGOV.KZ сайтындағы сауалнаманы толтырыңыз (ЭЦҚ-мен байланысты сұрақтарыңызбен тегін телефон нөмірі 1414 арқылы байланысуға болады)