«KEGOC» АҚ акция иелеріне
Акционерлердіңжалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
«Еуразиялық Капитал» АҚ, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған жаңалық бойынша (26.12.2018 ж. № 7824709 хаттама), «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» (бұдан әрі –«KEGOC» АҚ) (ISIN KZ1C34930012) акционерлерінің жалпы жиналысын 2019 жылғы 08 қаңтарда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59- ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 8 қаңтарда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:
«KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2019 жылғы 25 қаңтар айында 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайта өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша демалыс күндерінен басқа күндері, 2018 жылғы 20 желтоқсаннан бастап сағат 10:00-дан 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kzкорпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» бөлімінде танысуға болады.