«KEGOC» АҚ акция иелеріне
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
«Еуразиялық Капитал» АҚ, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған жаңалық бойынша (30.10.2018 ж. № 7631929 хаттама), «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» (бұдан әрі –«KEGOC» АҚ) (ISIN KZ1C34930012) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2018 жылғы 30 қарашада 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59- ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 30 қарашада 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:
- Аралық қаржылық есептемені бекіту, таза кірісті бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «KEGOC» АҚ-ның 2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы бір жай акцияға есептегендегі дивидендтер көлемі туралы шешім қабылдау.
Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2018 жылғы 07 желтоқсан айында 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайта өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша демалыс күндерінен басқа күндері, 2018 жылғы 19 қарашадан бастап сағат 10:00-дан 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» бөліміндегі материалдармен танысуға болады.