«Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ облигация иелеріне
Облигация ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
«Еуразиялық Капитал» АҚ, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған жаңалық бойынша (26.09.2018 ж. № 7518783 хаттама «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ, (ISIN KZ1C34930012) Облигация ұстаушылардың жалпы жиналысын 2018 жылғы 26 қазан айында 15 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі 89 үй, (конференц залы). Облигация ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 26 қазанда 14 сағат 30 минуттан жүргізілетін болады.
Облигация ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.
Облигация ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ облигацияларын шығару аңдатпасы шарттарының өзгертуі туралы (ISIN KZ2C0Y10D307).
Кворум болмаған жағдайда облигация ұстаушылардың жалпы жиналысы 2018 жылғы 27 қазан айында 15 сағат 00 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайта өткізіледі.
Облигация ұстаушылардың жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты құжаттармен мына мекен-жай бойынша таныса алады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі 89 үй, сондай-ақ «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ-ның www.capec.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Пресс-центр» бөліміндегі материалдармен танысуға болады.