«KEGOC» АҚ акция иелеріне - Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
«Еуразиялық Капитал» АҚ, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған жаңалық бойынша (16.08.2018 ж. № 7397939 хаттама), «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» (бұдан әрі –«KEGOC» АҚ) (ISIN KZ1C34930012) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2018 жылғы 24 тамызда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59- ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2018 жылғы 24 тамызда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала әзірленген күн тәртібі:
1. Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту және Директорлар кеңесіне жаңа мүше сайлау туралы.
Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2018 жылғы 24 қыркүйек айында 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайта өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша демалыс күндерінен басқа күндері, 2018 жылғы 13 тамыздан бастап сағат 10:00-дан 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kzкорпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» бөліміндегі материалдармен танысуға болады.