Көмек көрсету орталығы: +7 (727) 333 40 20

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акция иелеріне

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілуі туралы

«Еуразиялық Капитал» АҚ «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған 2017 жылдың 28 сәуіріндегі шығ.№6008283 хабарламасы бойынша «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі қарай –Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетінін хабарлайды. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе:

  1. 2016 жылдың жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  2. Өткен қаржылық жылдағы Коғамның таза пайдасын бөлу тәртібін және Коғамның бір акциясына есептелетін дивиденд мөлшерін анықтау;
  3. 2016 жылға арналған Коғамның жылдық есебін бекіту;
  4. 2016 жылы акционерлердің атынан Коғам мен оның жауапты тұлғаларына түскен өтініштер және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат;
  5. 2016 жылы Коғамның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне берілетін сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат;
  6. Коғамның директорлар кеңесі мен басқармасының 2016 жылдағы жұмысы туралы ақпарат;
  7. Қоғамның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы;
  8. Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы;
  9. Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы;
  10. Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау;
  11. Қоғамның Директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімін айқындау;
  12. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау;
  13. Директорлар кеңесі мүшелері өздерінің міндеттерін орындағаны үшін оларға сыйақы төлеу мен шығындарының орнын толтырудың мөлшерін және шарттарын анықтау;
  14. Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы.

Жиналыс 2017 жылдың 23 мамырында сағат 10:00-де келесі мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ, Қабанбай Батыр көшесі, 17-үй, мәжіліс залы, 3-қабатта өткізіледі.
Акционерлерге баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет–сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_220217.pdf мекен-жайында танысуға болады.

Компаниясы туралы

АҚ «Евразиялық Капитал»

Компаниясы туралы Біз, компаниялардың және жеке инвесторлардың активтерін инфляция мен девальциядан сақтауға әрі оларды (7 -30 күн) ішінде көбейтуге көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Байланыс:

 АҚ «Евразиялық Капитал»

 Алматы, Желтоқсан, 59

 Тел.: +7 (727) 333 40 20

 Факс: +7 (727) 333 40 21

 info@ecap.kz