«Кселл» АҚ акция иелеріне
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілуі туралы
«Еуразиялық Капитал» АҚ «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған 2017 жылдың 24 сәуіріндегі шығ.№5993863 хабарлама бойынша «Кселл» АҚ (бұдан әрі қарай – компания) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетінін хабарлайды. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе:
- жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлау және дауыс беру формасын анықтау;
- акционерлер жиналысының күн тәртібін бекіту;
- компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту;
- қаржылық есеп жылындағы компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, компанияның жай акциялары бойынша дивидендтерін төлеу туралы шешімін қабылдау және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
- компанияның директорлар кеңесі мен бас орындаушы директорының арасындағы қызметтерін бөлу нұсқауын жаңа редакцияда бекіту;
- компанияның жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
- компания қызметі мен оның лауазымды тұлғаларына қатысты акционерлердің сұрақтарын талқылау және олардың нәтижелерін қарастыру;
- компанияның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы жайлы акционерлерді хабардар ету.
Жиналыс 2017 жылдың 24 мамырында сағат 10:00-де келесі мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 2Г өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден бастап жүргізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылды. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2017 жылдың 25 мамырында сағат 10:00-де өткізіледі.
Акционерлер жиналысының күн тәртібі бойынша материалдармен жиналыс өтетін күннен кем дегенде 10 күн бұрын келесі мекен-жай бойынша танысуға болады: Алматы қ., Самал-2 ықшам ауданы, 100 немесе келесі электрондық мекен-жайға Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. акционер лауазымын куәландыратын құжат пен сұрақтарыңызды жібере аласыздар.