"Исткомтранс" ЖШС облигация иелеріне
Облигация иелерінің жиналысының өткізілуі туралы
«Еуразиялық Капитал» АҚ, 2017 жылдың 09 наурызындағы №227 шығыс хаты бойынша "Исткомтранс" ЖШС (ISIN XS0918292151) облигация иелерінің жиналысы кворумның болмауына байланысты 2017 жылдың 05 сәуірінен 2017 жылдың 20 сәуіріне шегерілгенін хабарлайды.
"Исткомтранс" ЖШС (әрі қарай – «Эмитент») облигация иелерінің жиналысы 20 сәуір күні сағат 11:00-де келесі мекен-жай бойынша өткізіледі: «White & Case LLP» компаниясының кеңсесі, 5 Old Broad Street, London EC2N 1DW, United Kingdom
Эмитенттің жиналыс шақыруындағы мақсаты облигация иегерлеріне кезектен тыс шешім қарастыруға және оның мақсатқа сай қабылдануына қатысуға мүмкіндік беру.
Эмитент облигация иегерлеріне купондық халықаралық облигациялардың шарттарындағы өзгерістермен келісуді өтінеді.
Акционерлердің жиналысы бойынша материалдармен келесі сілтеме арқылы оқып танысуға болады: http://www.kase.kz/files/emitters/ECTR/ectr_reliz_050417_1.pdf