«Қазақтелеком» АҚ акция иелеріне
Акционерлердің жалпы жиналысының өткізілуі туралы
«Еуразиялық Капитал» АҚ «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған 2017 жылдың 13 сәуіріндегі шығ.№5966286 хабарлама бойынша «Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі – компания) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетінін хабарлайды. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе:
- компанияның 2016 жылға қаржылық жылдық есептілігін бекіту туралы;
- компанияның 2016 жылға таза табысын бөлу тәртібі туралы;
- компанияның тәуелсіз директорларына сыйақы беру туралы
Жиналыс 2017 жылдың 21 сәуірінде сағат 15:00-де келесі мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сауран көшесі, 12 мәжіліс залында өткізіледі.
Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі. Кворум болмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы жоғарыда аталған мекен-жай бойынша 2017 жылдың 28 сәуірінде өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша құрастырылады.
Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелермен танысу үшін материалдарды жиналыс өтетін күнге дейін он күн бұрын мына мекен-жайлардан ала алады: Астана қ., Сауран көш., 12, телефондар 8 (7172) 55 26 63, 8 (7172) 58 72 43, Алматы қ., Фурманов көш., 240 «Б», телефоны 8 (727) 258 74 67.