Қаржы есептілігін және дивидендтердің төленбеуін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы каласы, Желтоқсан 59 мекен-жайы бойынша орналасқан, - «Еуразиялық Капитал» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) 10 сәуір 2017 жылы Жалғыз акционері келесі шешім қабылдады, деп жариялайды:
1) «Еуразиялық Капитал» АҚ 2016 жылдың шоғырландырылмаған жылдық қаржы есептемесін, оған қоса 2016 жылдың тәуелсіз аудиторлардың қаржы есептемені жылдық тексеруі бойынша қорытындыны бекіту
2) Қоғамның 2016 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту. Келесі түрде Қоғамның 2016 жылғы таза кірісін бөлу:
2016 финанс жылы бойынша бөлінбеген 52 034 000 (елу екі миллион отыз төрт мың) теңгеге тең пайданы Қоғамның билігінде қалдыру.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді есептеп жазбау және төлемеу.
3) 2017 жылдың қорытындысы бойынша, қоғамның аудит қызметін көрсететін ЖШС «КПМГ Аудит» ұйымын тағайындау.
4) 2016 жылы Жалғыз акционердің Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері бойынша жолданымының болмауын ескеру.
5) 2016 жылдың Директорлар кеңесінің мүшелері мен атқарушы органның жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының мөлшері мен құрамының ақпаратын ескеру. Жалғыз акционер қабылдаған шешім.