KAZ Minerals PLC компаниясының акция иелеріне
«Еуразиялық Капитал» АҚ, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ арқылы алынған хабарлама бойынша KAZ Minerals PLC (ISIN GB00B0HZPV38) компаниясы 2017 жылдың 27 сәуірінде Linklaters LLP компания кеңесінде келесі мекен-жай бойынша One Silk Street, London EC2Y 8HQ, United Kingdom алдағы акционерлер жиналысын өткізу туралы шешімін хабарлайды.
Бағалы қағаздар иелерінің реестрін бекіту күні 2017 жылдың 25 сәуірі (қоса алғанда) болып табылады.
Жиналысқа қатысу үшін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру арқылы ағылшын және орыс тілдерінде келесідей ақпараттарды көрсете отырып нұсқау ұсынуы қажет:
- акционердің атауы;
- субшот нөмері;
- дауыс берудегі таңдалған нұсқа.
- ISIN және акциялардың саны;
- байланыс ақпараты (пошта мекен-жайы, телефон);
Акционерлердің жиналысы бойынша материалдармен және күн тәртібімен келесі сілтеме арқылы оқып танысуға болады: http://www.kazminerals.com/ru/investors_media/agm
Нұсқаулар Орталық депозитарийімен 2017 жылдың 19 сәуірі Астана уақытымен сағат 16:00 дейін қабылданатынын естеріңізге саламыз.
Сонымен қатар Clearstream әрбір иегер бойынша бөлек нұсқаулар қабылдайды және бір нұсқауға Clearstream тарифі 47,4 евроны құрайтынын ескереміз.