Көмек көрсету орталығы: +7 (727) 333 40 20

"Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ акция иелеріне

«Еуразиялық Капитал» АҚ, 2017 жылдың 24 наурызындағы «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған №5911310 хабарлама бойынша 2017 жылдың 21 сәуірінде сағат 11:00-де келесі мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы, Алматы қ, Әл-Фараби даңғылы, 40, мәжіліс-залында "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ (әрі қарай - банк) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының келесі күн тәртібі бойынша өтетінін хабарлайды:

  1. банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  2. банктің 2016 жылға арналған қаржылық есебін бекіту;
  3. 2016 жылға арналған банктің таза табысын бөлу тәртібін бекіту. Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімін қабылдау. Банктің бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
  4. банктің Директорлар кеңесінің 2016 жылғы банктің қызметі туралы есебін қарастыру;
  5. банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау;
  6. банктің Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау;
  7. банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау;
  8. банктің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы банк акционерлерін хабардар ету;
  9. Банк Жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту;
  10. Банктің корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
  11. банктің Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
  12. банк қызметі және оның лауазымды тұлғалары мен оларды қарастыру нәтижелері туралы акционерлердің сұрақтарын қарастыру.

Акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-ден сағат 10:45-ке дейін жүзеге асырылады.

Акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс. Акционерлердің өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат ұсынуы қажет.

Егер де кворум болмаған жағдайда, қайталама акционерлер жиналысы 2017 жылдың 24 сәуірінде сол уақытта жоғарыда ескертілген мекен-жай бойынша өткізіледі.

 

Компаниясы туралы

АҚ «Евразиялық Капитал»

Компаниясы туралы Біз, компаниялардың және жеке инвесторлардың активтерін инфляция мен девальциядан сақтауға әрі оларды (7 -30 күн) ішінде көбейтуге көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Байланыс:

 АҚ «Евразиялық Капитал»

 Алматы, Желтоқсан, 59

 Тел.: +7 (727) 333 40 20

 Факс: +7 (727) 333 40 21

 info@ecap.kz