«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акция иелеріне
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы
«Еуразиялық Капитал» АҚ, 2017 жылдың 25 қаңтарындағы «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған №5768193 хабарлама бойынша "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 2017 жылдың 14 ақпанында сағат 10-30-да келесі мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ, Қабанбай Батыр көшесі, 17-үй, 1401мәжіліс-залында акционерлердің кезектен тыс жиналысын өткізу туралы шешімін хабарлайды.
- Жиналыс күн тәртібінде төмендегі мәселе талқыланбақ:Директорлар кеңесінің мүшелерінің міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы мен өтемақы көлемі мен шарттарын анықтау туралы.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.
Егер де кворум болмаған жағдайда, қайталама акционерлер жиналысы 2017 жылы 15 ақпанда сағат 10-30-да жоғарыда ескертілген мекен-жай бойынша өткізіледі.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы бойынша материалдармен www.kmgep.kz веб-сайтынан, жиналыс өтетін күннен кем дегенде 10 күн бұрын оқып танысуға болады.