«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Артықшылықты акция иелеріне
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы
«Еуразиялық Капитал» АҚ, 2016 жылы 11 шілдеде анық.№5260123 астындағы «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған жаңалық бойынша, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ISIN KZ1P51460114) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 2016 жылы 3 тамызда сағат таңғы 10:00-де Қазақстан, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17 мекен-жайы бойынша өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.
Эмитенттің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған жай және артықшылық берілген акциялардың, Лондон қор биржасында орналастырылған жаһандық депозитарлық қолхаттардың сатып алу мәселесі қарастырылады.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен эмитент сайтында http://www.kmg.kz/press/company_news/press_release/ сілтемесі арқылы таныса аласыз.