«Казкоммерцбанк» АҚ бағалы қағаздар иелеріне
«Еуразиялық Капитал» АҚ, жақында «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» арқылы алынған жаңалық бойынша "Kazkommerts Finance 2 B.V" АҚ (ISIN XS0262468654) және «Казкоммерцбанк» АҚ (ISIN XS0276707923) меншікті облигацияларын сатып алу бойынша ұсыныс жасайтынын хабарлайды. Тендерлік ұсыныс 2016 жылғы 18 мамырда бекітілген Тендерлік Ұсыныс Меморандумдағы шарттар мен ережелерге негізделген. Аталған Тендерлік Ұсыныстың мақсаты алыс-берістің құнына және өтімділікті оңтайландыруға бағытталған банктің міндеттемелерін басқару бойынша процестің бөлшегі ретінде Түрлендірілген Голландтық Аукционның процедурасының ережелеріне сәйкес шығарылған Еврооблигациялардың негізгі қарызын сатып алу болып табылады.
- Бәсекелді ұсыныстың 1-ші опциясы бойынша еврооблигациялардың сатып алу бағасы әрбір бастапқы құнның 1 000 АҚШ долларына 1 000 АҚШ доллар. Сатуға және сатып алуға ескерілген ұсыныстар бойынша, сатып алу бағасынан бөлек шығарушы есептелген пайыздарды төлейді.
- Еврооблигациялардың негізгі қарызын сатып алу туралы меморандумда толық аталған ақпарат бойынша бағалы қағаздардың сатып алу бағасы Түрлендірілген Голландтық Аукционның процедурасының ережелерінің 2-ші бәсекелді емес опциясына сәйкес, еврооблигцияның әрбір бастапқы құнның 1 000 АҚШ долларына сатып алу бағасынан 0,5 АҚШ долларға тең қадам арқылы анықталады.
Тендерлік Ұсыныстың шартары мен ережелері толығымен Тендерлік Ұсыныс Меморандумында көрсетілген және құқығы бар тұлғалар аталған құжатпен Ұсыныстың Ақпараттық және Тендерлік Агенттіктің сайтынан таныса аласыз: http://sites.dfkingltd.com/kkb. Сіздің назарларыңызға аталған тендерге қатысу үшін Бағалы қағаздар орталық депозитарийға жіберілетін нұсқау 2016 жылы 26 мамырдың Астана уақыты бойынша сағат 16:00 ге дейін қабылданады.
Егер Сіз «Казкоммерцбанк» АҚ бағалы қағаздарын сатуды қаласаңыз, келесі ақпарат белгіленген нұсқауды ағылшын және орыс тілінде Бағалы қағаздар орталық депозитарийға жіберіңіз:
- облигация ұстаушының есімі;
- ISIN және облигация саны;
- қосалқы шот нөмірі;
- опция түрі;
- бұғаттауға келісім беру.
Бұнымен қатар Орталық депозитарийдің шығысын өтеу үшін, терім ретінде Clearstream және Euroclear тарифтері бойынша нұсқаудың құны қайта ұсынылуы туралы хабарлаймыз.