Көмек көрсету орталығы: +7 (727) 333 40 20

«ҚазТрансОйл» АҚ акция иелеріне

«Еуразиялық Капитал» АҚ, жақында «ҚазТрансОйл» АҚ арқылы алынған жаңалық бойынша Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі шешіміне (отырыстың №5/2016 хаттамасы) сәйкес Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы шақырылатыны туралы хабарлайды.
«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2016 жылғы 27 мамырда 15 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» бөлігі, 3-қабат, мәжіліс залы мекенжайында өтеді. Акционерлерді тіркеу 2016 жылғы 27 мамырда 10 сағат 00 минутта басталады. 2016 жылғы 27 мамырда 13 сағат 00 минутта аяқталады.

«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлері жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі:

  1. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2015 жылға жылдық қаржылық есептілігін және шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
  2. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2015 жылға таза табысын, өткен жылдары бөлінбей қалған пайдасын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
  3. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2015жылға жылдық есебін бекіту туралы;
  4. «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылы атқарылған жұмыс туралы жылдық есебін бекіту туралы;
  5. «ҚазТрансОйл» АҚ пен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне 2015 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы;
  6. Топтық басқару кодексін бекіту туралы;
  7. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  8. Акцияларды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне енгізілетін өзгерістерді және толықтыруларды бекіту туралы.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдармен www.kaztransoil.kz «ҚазТрансОйл» АҚ топтық веб-сайтында таныса алады.

Компаниясы туралы

АҚ «Евразиялық Капитал»

Компаниясы туралы Біз, компаниялардың және жеке инвесторлардың активтерін инфляция мен девальциядан сақтауға әрі оларды (7 -30 күн) ішінде көбейтуге көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Байланыс:

 АҚ «Евразиялық Капитал»

 Алматы, Желтоқсан, 59

 Тел.: +7 (727) 333 40 20

 Факс: +7 (727) 333 40 21

 info@ecap.kz