Көмек көрсету орталығы: +7 (727) 333 40 20

«Кселл» АҚ -ның акцияларын ұстаушыларына

«Еуразиялық Капитал» АҚ, жақында  «Кселл» АҚ арқылы алынған жаңалық бойынша Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 18 мамырында Алматы уақыты бойынша сағат 10:00-де, келесі мекенжай бойынша «Кселл» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын («ЖЖЖ») шақыру туралы шешім қабылдағандығын хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 2Г. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу Алматы уақыты бойынша сағат 09:00-де басталады.

Егер бірінші ЖЖЖ өтпесе, «Кселл» АҚ екінші жиналысы 2016 жылдың 19 мамырында (Алматы уақыты бойынша сағат 10:00) өтеді.

2016 жылдың 19 мамырындағы қалпында (Алматы уақыты бойынша сағат 01:00) Бағалы қағаздардың бірегей тіркеушісімен Бағалық қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде акционер ретінде тіркелген акционерлер жалпы жылдық жиналысқа қатысу құқығына ие.

Тіркеу үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Сенім білдірілген тұлғаларға дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхат ұсыну қажет.

Жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібі:

  • Акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау және дауыс беру формасын анықтау.
  • Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
  • Жылдық қаржылық есептілікті бекіту
  • Қоғамның есептік қаржылық жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемі туралы шешім қабылдау.
  • Акционерлердің қоғамға және оның лауазымды тұлғаларына арыз беру және оны қарастыру нәтижелері туралы мәселені қарастыру
  • Акционерлерді директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелерінің сыйақы көлемі мен құрамы туралы хабардар ету.

«Кселл» АҚ акционерлері акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарменЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына немесе Компанияның атқарушы кеңсесі, Бас атқарушы директорының орналасқан жеріне: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Самал-2 ықш., үй 100 мекенжайына сұраным мен акционер мәртебесін растайтын құжат жолдау арқылы таныса алады.

Компаниясы туралы

АҚ «Евразиялық Капитал»

Компаниясы туралы Біз, компаниялардың және жеке инвесторлардың активтерін инфляция мен девальциядан сақтауға әрі оларды (7 -30 күн) ішінде көбейтуге көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Байланыс:

 АҚ «Евразиялық Капитал»

 Алматы, Желтоқсан, 59

 Тел.: +7 (727) 333 40 20

 Факс: +7 (727) 333 40 21

 info@ecap.kz